Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

«Музей этнографиясы» онлайн сұхбат

Бүгін, 25 шілдеде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф Тәттігүл Ерсайынқызы Қартаевамен «Музей этнографиясы» тақырыбында онлайн сұхбат өтті. Тәттігүл Ерсайынқызы «Сарайшық» музей-қорығы қорындағы қыш кірпіштегі бөрі іздері, Сарайшық тиындарындағы аңдар, гүлдер бейнесі мен сәулеттік кірпіштердегі бейнелердің интерпретациясы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, ашық аспан астында жасақтауға болатын экспозиция түрлеріне мысалдар келтірді. Алдағы кезеңде музей-қорық және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің археология, этнология және музеология кафедрасымен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге келісілді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru