Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Монография таныстырылымы

Бүгін, 5 наурызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінде тарих ғылымдарының докторы, профессор, Сарытоғай орта мектбінің 1981 жылғы түлегі Әбілсейіт Мұқтардың "Сарытоғай ауылы тарихы" атты монографиясының таныстырылымы өтті.
Шара модераторы: "Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қылышбай Сүндетұлы болды. Монография таныстырылымына ауыл ақсақалдары, ардагер ұстаздар, мектеп басшылығы, оқытушылар, оқушылар, музей-қорық қызметкерлері мен шәкірттері қатысты. Жиында орта мектеп директоры Райса Альдешова құттықтау сөз сөйледі. Монография авторының өмір жолы туралы т.ғ.к. Қылышбай Сүндетұлы баяндаған болса, магистр Амангелді Жұмабаев "Сарытоғай ауылы тарихы" монографиясы мазмұны туралы мәліметтер берді. Сонан соң монографияға сын пікір берген т.ғ.д. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті профессоры Ұлжан Ахметова, еңбекке ақыл кеңес бергендер, ардагер журналист, ауыл ақсақалы Бағыт Көшербаев, ардагер ұстаз, Әбілсейіт Мұқтар алғашқы ұстазы Қаламқас Құмарова, ардагер ұстаз, 1987 - 2004 жылдардағы Сарытоғай орта мектебінің директоры Серік Қапашев, ауыл ардагері Қаржаубай Дүйсенов еңбек туралы өз пікірлерін білдірді. Сөз соңында монография авторы т.ғ.д., профессор, Әбілсейіт Мұқтар жиналғандарға алғыс білдіріп, еңбек туралы қосымша деректер келтіріп, өткен күндерді еске алды. Кейін Әбілсейіт Мұқтардың анасы Сәуле апай мен алғашқы ұстазы Қаламқас Құмарова "Сарытоғай ауылы тарихы" монографиясының лентасын қиды. Жиын соңында т.ғ.к. Қылышбай Сүндетұлы ардагер ұстаз Қаламқас Құмароваға ҚР Оқу - ағарту министрлігінің "Еңбек ардагері", ардагер ұстаз, Сарытоғай орта мектебінің директоры Серік Қапашевқа Атырау облысы ардагерлер кеңесінің "Тәлімгер" медалідарымен марапаттады.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru