Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Жәдігерлерді қалпына келтіру жұмыстары

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жәдігерлерді қайта қалпына келтірушісі О.Кендір музей қорындағы металдан жасалған жәдігерлерді тазалады. Сарайшық қаласынан табылған жылқы бейнелі құлыптың нүктелі бедерлері айқындалып, көз қызықтырар, сыры мол бұйымға айналды. Сонымен қатар, 2023 жылдың археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған онгондар да тазалау жұмыстарынан соң ерекше түрге енді. Ауыл тұрғыны сыйға тартқан күміс жүзіктің құндылығы артты. Маманның жұмыстары жалғасын тауып, әлі де қайта жаңарған жәдігерлермен танысу мүмкіндігі болатыны анық.

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru