Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Алғыс айту күні

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 1 наурыз Алғыс айту күніне орай ауылдық Мәдениет үйімен бірлесіп, Сарайшық ауылының бір топ ардагер ұлт өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге келген Г.Амиров ақсақал татар ұлты, Истомина Р.Н. мен Қайреденова Л.Н. белорус ұлты, Чеченев П.Б. пен Соловьева З.В. орыс ұлтының өкілі ретінде өз алғыстарын білдірді. Өзге ұлт болса да, қазақтың салт-дәстүрін құрметтеп, ауылдың бірлігі мен берекесін келтіріп отырған жерлестерге ұйымдастырушылар да ауыл тұрғындары атынан жылы лебіздерін жеткізіп, әннен шашу шашты.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru