Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Тарихи-мәдени мұра басқармасының бас эксперті Сарайшыққа келді

Бүгін, 14 желтоқсанда «Сарайшық» музей-қорығына іс-сапармен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Тарихи-мәдени мұра басқармасының бас эксперті Диана Қанатқызы Жолмұханова келді. Диана Қанатқызы «Сарайшық» сапар орталығында музей экспозициясын, ортағасырлық Сарайшық қаласы тарихи-мәдени ескерткішін аралап, «Сарайшық» музей-қорығының ұжымымен, атқарылған жұмыстармен танысты. Музей-қорық директоры Ә.Мұқтар мәртебелі қонаққа Сарайшықтың даму жоспарын баяндап, ашық аспан асты музейін жасақтау жобасы, ғылыми-зерттеу жұмыстары, қайта қалпына келтіру жолдары туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru