Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Музей-қорық мамандары ЖОО студенттеріне дәріс-көрме өткізді

2023 жылдың 11 желтоқсан күні «Сарайшық» музей-қорығы мамандары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне дәріс өткізді. Шара алдында студенттер музей экспозициясымен, Сарайшық қаласының тарихи маңызы жөніндегі ақпараттармен танысты. Нумизматикалық көрмені тамашалады. Дәріс барысында "Сарайшық" музей-қорығының бас инспекторы, археолог Айбек Тұрарұлы 2023 жылы Сарайшықтағы №2 қазба орнында жүргізілген зерттеулер туралы мәлімет беріп, студенттердің қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Кейін студенттер ортағасырлық Сарайшықтың археологиялық қазба орындарына сапарлап, тарихи ескерткішті аралап көрді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru