Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшықта жоғарғы оқу орны студенттеріне дәріс өтті

2023 жылғы 11 желтоқсанда «Сарайшық» сапар орталығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Тарих факультеті студенттеріне арнайы дәріс ұйымдастырылды. Музей-қорықтың директоры, т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Мұқтар студенттерге қазіргі тарих ғылымындағы өзекті мәселелер жөнінде дәріс оқыды. Дәріс барысында профессор археология, антропология ғылымдары жөнінде қызықты ақпараттар беріп, студенттерді ғылым-білімді терең игеруге және алдағы уақытта музей-қорықпен бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru