Бүгін, 2023 жылдың 7 желтоқсан күні «Сарайшық» музей-қорығына Махамбет ауданына жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұбанов Әділ Орынбасарұлы келді. Депутат «Сарайшық» сапар орталығы құрылысымен, музей экспозициясымен, тарихи ескерткіш орнынан табылған жәдігерлермен және музей-қорықтың атқарып жатырған жұмыстарымен танысты. 2023 жылы қабылданған Ортағасырлық Сарайшық қаласы орнының аспан асты ашық музейі жоспарымен танысып, қала орнын көркейтуге қатысты өз ой-пікірімен, ұсыныстарымен бөлісті.
![]() |
![]() |