2023 жылдың 5-6 желтоқсан күндері «Сарайшық» музей-қорығы мамандары Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің оқушыларына арналған «Алтын Орда хандары» және «Алтын Орда тиындары» атты дәріс-көрмесін өткізді. Дәріс-көрме барысында оқушылар Алтын Орда тарихы мен билеушілері және Сарайшық қаласының Алтын Орда дәуіріндегі маңызы туралы мағлұмат алып, Сарайшық қазба орнынан табылған сол кезеңге тиесілі қыш бұйымдармен, тиындармен танысты. Шара соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, тарих пәні мұғалімі алдағы уақытта мектеп оқушыларына тағы осындай арнайы тақырыптық дәрістер өткізу туралы ұсыныстарын білдірді.
![]() |
![]() |