Бүгін, «Сарайшық» музей-қорығы Қызылорда қаласының К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназиясы оқушыларының қызығушылығына орай «Ортағасырлық Сарайшық қаласы» атты онлайн экскурсия-көрмесін өткізді. Экскурсия барысында Сарайшық қаласының тарихы, экономикалық-мәдени өрлеу кезеңдері, ғасырлар бойы сақталған аңыздары мен құнды жәдігерлері туралы мәлімет беріліп, қазба барысында табылған Алтын Орда дәуіріне тиесілі күміс, мыс тиындар таныстырылды. Экскурсия-көрмені тамашалаған оқушылар шара аяғында өз әсерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
![]() |
![]() |