Бүгін «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Дербент»мемлекеттік тарихи-архитектуралық және археологиялық мұражай-қорығына арадағы ынтымақтастық келісімшарты аясында «Ортағасырлық Сарайшық қаласы» атты онлайн экскурсиясын өткізді. Шетелдік әріптестер экскурсияға Zoom платформасы арқылы қатысып, «Сарайшық» музей-қорығының қалыптасуымен, көне қала тарихымен, ортағасырлық мәдениетімен танысып, аңыздарын тыңдады. Экскурсия аяғында өз алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
![]() |
![]() |