2019 жылғы 30 наурыз – 7 сәуір аралығында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері А.Тұрарұлы мен М.Әбдіғалиев Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының Қазан қаласында іс-сапарда болды. Сапар барысында Қазан қаласындағы А.Халиков атындағы Археология институтында болып, Ортағасырлық Сарайшық қаласы жайлы мәліметтерді жинақтады. Сонымен қатар, екі мекеме арасында бірлесіп жұмыстар жүргізуге келісімшартқа қол қойылды.