«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Анкара университеті арасындағы ғылыми ынтымақтастық аясында археологиялық практикадан өткен Тіл және тарих-география факультетінің Тарих бөлімінің 3-курс студенттері Арда Арпат пен Онур Бийгитке практика бағдарламасын сәтті аяқтағаны үшін сертификаттар табысталды. Практика барысында студенттер ортағасырлық Сарайшық қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстарына қатысып, далалық зерттеу тәжірибесін жинақтап, тарихи-мәдени мұрамен тереңірек танысты. Осындай тәжірибе алмасу екі ел арасындағы ғылыми және мәдени байланыстардың нығаюына, болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына ықпал етеді. Жас зерттеушілерге алдағы оқуында және ғылыми ізденістерінде толағай табыс тілейміз! ![]()
![]()










