«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Түркия Республикасындағы Анкара университетінің Тіл және тарих-география факультеті Тарих бөлімінің 3-курс студенттері Арда Арпат пен Онур Бийгиттің археологиялық практикасы басталды.
Практика барысында студенттер «Сарайшық» қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстарына қатысып, ортағасырлық қала тарихы мен археологиялық мұраларды зерттеу бағытында тәжірибе жинақтайды.
Жас зерттеушілерге сәттілік тілейміз!










