Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КӨРМЕ ӨТТІ

18 мамыр — Халықаралық музей күніне орай, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ерекше форматтағы халықаралық онлайн көрме ұйымдастырылды.⯑ Көрменің басты ерекшелігі — ол әзербайжандық әріптестеріміз арнайы жолдаған бірегей бейнематериалдар негізінде өткізілді. Желі қолданушылары мен музей қонақтары онлайн форматта бауырлас елдің бай тарихымен және құнды жәдігерлерімен танысуға мүмкіндік алды.⯑ Осы айтулы шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, өз музейлерін бейнешолу арқылы таныстырған шетелдік әріптестерімізге ШЕКСІЗ АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!Халықаралық онлайн көрмеге белсенді қатысқан:⯑ Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрлігіне⯑ Әзербайжан тарихы Ұлттық музейіне⯑ «Кешикчидаг» мемлекеттік қорық-музейіне⯑ «Ежелгі Шәмкір қаласы» қорығына терең ризашылығымызды айтамыз.✨ Бұл онлайн жоба — екі ел арасындағы мәдени алтын көпірдің айқын дәлелі. Мәдени мұрамызды бірге ұлықтауға бағытталған бірлескен жұмыстарымыз болашақта да жалғасын таба береді деп сенеміз! ⯑⯑ ⯑ ⯑⯑

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97