Бүгін «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрлігі жанындағы Мәдени мұраны қорғау, дамыту және қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік қызметтің «Авей» және «Кешикчидаг» мемлекеттік тарихи-мәдени қорықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісімге қол қою рәсіміне «Авей» қорығының директоры Саадат Алиева, «Кешикчидаг» қорығының директоры Муса Мурсагулиев және қос қорықтың мамандары қатысты.
Бұл меморандум бауырлас Қазақстан мен Әзірбайжан елдерінің мәдени байланысын нығайтып, ортақ тарихи мұраны зерттеу мен насихаттаудағы жаңа серіктестік кезеңін ашады.
![]() |
![]() |











