Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

“Сарайшық” музей-қорығы Самарқанд мемлекеттік музей-қорығымен меморандумға қол қойды

2024 жылдың 3 шілде күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы мен Өзбекстан Республикасы Самарқанд мемлекеттік музей-қорығы директоры, т.ғ.к. Самибаев Масуд Кимовичпен музей ісі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында өзара көрмелер, дөңгелек үстел, конференциялар өткізу, реставрация және консервация лабораториясында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе алмасуға қол жеткізілді. Музей-қорық лабораториясы металл және керамикаларды қалпына келтірумен айналысады. Кездесу барысында музейлердің баспа өнімдері өзара алмасылып, музей-қорық экспозициясы таныстырылды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru