Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

“Сарайшық” музей-қорығы Тимуридтер тарихы мемлекеттік музейімен меморандумға қол қойды

2024 жылдың 1 шілде күні, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы мен Өзбекстан Республикасы Тимуридтер тарихы мемлекеттік музейі директоры, т.ғ.к. Файзиев Хуршид Тургунович музей ісі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында мәдени мұраны сақтау, зерделеу және танымал ету, сондай-ақ ғылыми және мәдени байланыстарды тереңдету мақсатында келісілді. Кездесуге «Сарайшық» музей-қорығынан т.ғ.д., профессор Ұлжан Төлегенқызы және магистр Амангелді Жеңісұлы және Тимуридтер тарихы мемлекеттік музейінің қызметкерлері қатынасты. Кездесу барысында музейлердің баспа өнімдері өзара алмасылып, Тимуридтер тарихы музейінің экспозициясы таныстырылды.

 

Возможно, это изображение 3 человека   Возможно, это изображение карта и текст
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru