Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

“Сарайшық” музей-қорығы Әзірбайжан тарихы Ұлттық музейімен меморандумға қол қойды

2024 жылдың 27 маусым күні, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы мен Әзірбайжан Республикасы Мәдениет министрлігі Әзірбайжан тарихы Ұлттық музейінің директоры Велиханлы Наиля Мамедали қызы музей ісі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім аясында бірігіп атқарылатын жұмыстар, зерттеулер және ізденістер турасында сөз болды. Кездесуге Әзірбайжан тарихы Ұлттық музей тарапынан директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.д., Джаббаров Фархад, директордың музей жәдігерлерін қорғау және есепке алу ісі жөніндегі орынбасары, доцент Зейналова Махфуза, халықаралық байланыс және қоғаммен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Исмайлова Зумруд қатынасты.

 

Возможно, это изображение 1 человек и учится   Возможно, это изображение 2 человека и текст
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru