Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК өз бастауын 1859 жылғы Императорлық археологиялық комиссиясынан алатын, Ресейдің жетекші археологиялық мекемесі Ресей Ғылым Академиясының Археология институтымен өзара бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында келісім шартқа отырды. Мақсат белді археологиялық институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы тәжірибесін зерттеу, лабораторияларында ғылыми сынақтар өткізу, ғылыми басылымдарында Сарайшық жаңалықтарын жариялау. Алдағы уақытта мекемелер арасында бірлескен жұмыстар өркендейтініне сенім артамыз.