Реставрация. XV ғ.
Пішіні төртбұрышты, күмбезді келген, көрхана деп аталатын ерекше қабірханалар Сарайшықтың ноғайлы кезеңінде көп тарағаны байқалады. Олар күйдірілген кірпіштен қаланып, ұзақ уақыт аралығында бір отбасының немесе ру мүшелерін қоятын склеп болған. Қайтыс болған отбасы мүшелерін жерлеуге дүркін-дүркін пайдаланылып тұрған.
Осы жерде колонна типтес құрылыс орындары орналасқан. Бұлар мешіт ғимараттың қалдығы. Үш колоннаның орналасу реті құбыланы бетке ұстағанын байқатады. Сарайшықта мұсылман діндарлары ішінде ерекше құрметке ие – Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтары саналатын сейдтер тұрған. Ислам дінінің түрлі деңгейдегі өкілдері – шейх, хафиз, молда, сопы, дәруіштер ноғай-қазақ мәдениетінде имандылықтың негізін сақтауда жарқын ізін қалдырды. Олар мемлекет қайраткерлеріне ақыл-кеңес беріп отырып, дипломатиялық келіссөздерге араласып, қоғам өміріне белсене араласты.
Археологиялық қазба жұмыстарын археолог З.Самашевтің жетекшілігімен Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізді.