Қазба. XV ғ.
Монша ноғай-қазақ кезеңіне қатысты, жеке үй-жайлық монша саналады. Жуынатын жердің еденіне де ылғалға шыдамды қыш кірпіштер төсеген, оларды жиектеп ақ алебастр ерітіндісімен бекіткен. Орта бөлігінде жуынған су ағып кететін суағар шұңқыры (септик) салынған. Сонымен бірге, еденнің шетін бойлап қабырғаға тігінен орналасқан қыш кірпіштер қойылған. Моншадан екі пеші орны анықталды.
Археологиялық қазба жұмыстарын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2021-2023 жылдарған арналған «Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХV ғғ.)» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының археологтары А.Тұрарұлы, А.Жұмабаев жүргізді. Бағдарлама жетекшісі – т.ғ.д., профессор У.Т. Ахметова.