Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Этнографиялық музей 2

1. Кебеже — қазақ халқының дәстүрлі тұрмысында тамақ өнімдерін (құрт, ірімшік, секер) сақтауға арналған, ағаштан жасалған сандық тәрізді бұйым. Тапсырған – Рустам Темиров, Шеген Неталиев.

2. Сандық  (кішкентай).

3. Асық – төрт түлік малдың (көбіне қой-ешкінің) тілерсек буынында орналасқан, шиыршықталған, қатты жұмыр сүйек. Қазақ халқының ежелгі дәстүрлі, ұлттық ойындарының негізгі құралы, мергендікке, ептілікке баулитын тәрбие құралы болып табылады. Асық ойынында басты элементтер — алшы, тәйке, бүк, шік және сақа.

4. Ұршық — жүн, мақта немесе қыл талшықтарынан жіп иіруге арналған ең көне, қарапайым ағаш құрал.

Тоқыма бұйым.

5. Тігін машинасы — маталарды, теріні немесе басқа материалдарды жіп арқылы біріктіріп, тігуге, өрнектеуге немесе бұйымдарды өңдеуге арналған механикалық немесе электрлік құрылғы. 

6. Қасқыр терісі. Тапсырған: Шеген Неталиев.

7. Түлкі терісі. Тапсырған: Шеген Неталиев.

8. Бесік — нәрестені бөлеуге, ұйықтатуға және тербетуге арналған, көбіне ағаштан (тал, қайың) жасалатын қасиетті, көшпелі тұрмысқа ыңғайлы бала төсегі.

9. Шымылдық - қазақ халқының салт-дәстүрінде жас жұбайларға арналып, үйдің бір бұрышына немесе ортасына уақытша ілінетін арнайы перде, маталы қоршау.

10. Сандық — киім-кешек, бағалы бұйымдар мен тұрмыстық заттарды сақтауға арналған, қақпағы бар, ағаштан жасалатын дәстүрлі қазақ жиһазы. Көшпенділер тұрмысында ертеден қолданылып келе жатқан бұл бұйым, әдетте, ою-өрнекпен безендіріліп, ішкі немесе аспа құлыппен бекітіледі.

11. Көшпенділер сандығы. Тапсырған: Қ.Жұмашев.

12. Қамшы — қазақ халқының байырғы кездегі шаруашылық, мәдени өмірінде аса кең тараған, көлікті айдап жүргізу үшін қолданылатын, таспадан әртүрлі нұсқада түйіп, тобылғы немесе басқа затқа саптап жасаған ежелгі ат айдауыш құралдардың бірі, ер-тұрманның бір құрамы.

13. Тоқыма бұйым. Тапсырған.

14. Домбыра - қазақ халқының екі ішекті, көп пернелі, шертіп ойналатын ең көне әрі танымал ұлттық музыкалық аспабы. Тапсырған.

15. Шиден тоқылған сурет көктем шуағы - Шиден тоқылған сурет (шым ши) — түрлі-түсті жүн жіптермен оралған ши сабақтарын біріктіру арқылы жасалатын қазақтың дәстүрлі қолөнер туындысы.

16. Торсық – көшпелі түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының қымыз, шұбат, айран сияқты сүт өнімдерін сақтауға және тасымалдауға арналған дәстүрлі, теріден жасалған ыдысы.Тапсырған суретші-қайта қалпына келтіруші Отарбай Кендір.

17. Ағаштан жасалған табақ, кеселер - Ағаштан жасалған табақ-кесе — қайың, терек, тал сияқты ағаш түрлерінен ойылып жасалатын дәстүрлі қазақ ыдыстары. Олар экологиялық таза, асқа дәмді, ұзақ уақыт жылылықты сақтайтын, ертеден қолданылған қолөнер бұйымдары.

18. Ағаштан жасалған ожау — қымыз, айран, сүт сияқты сусындарды құюға арналған, тораңғыл, емен, қайың секілді ағаштардан тұтастай ойып жасалатын, сабы ұзын дәстүрлі қазақ ыдысы. 

19. Кілем.Тапсырған.

20. Алаша — әртүрлі түске боялған мақта, жүн жіптерінен өрмекпен тоқылатын төсеніш мүлік.

21. Шабадан (чемодан) — киім-кешек пен жеке заттарды сақтауға, саяхатқа немесе көшіп-қонғанда тасымалдауға арналған, топсалы қақпағы мен тұтқасы бар қатты қорап. 

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97