Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Этнографиялық музей 1

1. Үлдірік — ыдыс-аяқ, тағам немесе тұрмыстық заттар қоюға арналған сөре, орын немесе шағын шкаф. Тапсырған Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны Молдағалиева Ақкенже.

2. Безбен — заттардың салмағын өлшеуге арналған дәстүрлі қол таразының бір түрі.

3. Таразы - дененің массасын оған әсер етуші ауырлық күшінің көмегімен анықтайтын құрал. Тапсырған - Шеген Неталиев.

4. Фонарь – жарық беретін құрал, яғни қараңғы жерде айналаны көруге арналған шам. Тапсырған – Акимова Калима.

5. Фонарь – жарық беретін құрал, яғни қараңғы жерде айналаны көруге арналған шам.

6. Керосинка — XX ғасырдың ортасына дейін тамақ пісіруге және жылытуға арналған, жанармай ретінде керосинді (жермайды) пайдаланатын, білтелі (фитильді) тұрмыстық қыздырғыш құрылғы. Тапсырған – Акимова Калима.

7. Самаурын — ішіне жанғыш зат (көмір, ағаш) салынып, ортасындағы құбыры арқылы су қайнататын, шүмегі бар дәстүрлі металл ыдыс. Тапсырған - Мұхитова Жонас.

8. Самаурын — ішіне жанғыш зат (көмір, ағаш) салынып, ортасындағы құбыры арқылы су қайнататын, шүмегі бар дәстүрлі металл ыдыс. Тапсырған – Акимова Калима.

9. Иінағаш – иыққа салып су, жүк тасуға арналған, екі жағына шелек ілінетін, ортасы иыққа ыңғайлы етіп жонылған имек ағаш құрал. Тапсырған – Акимова Калима.

10. Қолжуғыш – қол жууға арналған құрал.

11. Қолорақ – егін немесе шөп оруға арналған құрал.Темірден жасалған басы доғалданып келіп ұшына қарай сүйірленген.Тапсырған – Меңдігереев Көпжасар.

12. Жез құман – су құюға арналған ыдыс.

13. Жез леген. Тапсырған

14. Мұқтар Әуезов бейнеленген кілем. XX ғ.

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97