Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Алтын әшекейлер. XIV ғ.

Алтын әшекейлер. XIV ғ.

Ортағасырлық Сарайшық қаласы аумағындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған бұл алтын әшекей бұйымдар әйел адамдарға арналған.

Сырға
Алтын Орда дәуіріне тән сән үлгісінде жасалған алтын сырғаның шар тәрізді орталық бөлігіне шынжыр арқылы тамшы пішіндес төрт шашақ бекітілген. Сырғаның беті нәзік оймышталған өрнектермен әшекейленген.

Киімге тағатын жапсырмалар
Ал жұқа киімнің өңірін көркемдеуге арналған жапсырмаларда бес күлтелі гүл бейнесі бедерленген. Әр жапсырманың көлемі 0,5 × 0,5 см. Нәзік жасалғанына қарамастан, бұйымдар өте жақсы сақталып, қазба барысында бүтін күйінде табылған.

Сақина
Сақинаның бетінде алтыбұрышты жұлдыз бейнеленген, ал жүзіктің шеңбермен жалғасқан тұсы өрнектермен нақышталып, сәнделген. Сақина бетінің диаметрі 1,5 см. Ерте ортағасырлық кезеңге жататын бұл әшекей өте жақсы сақталған: қазба кезінде бүтін табылып, бетіне ойылған бедерлері анық көрініп, сапасын жоғалтпаған.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97