Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

«Сарайшық» музей-қорығы ұйымдастыруымен «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы»атты жылжымалы көрме Индер ауданында

16-17 сәуірде Атырау облысы Индер ауданында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» атты жылжымалы көрме болып өтті. Көрмеден құрылыс тастары, су және кәріз құбырлары, зергерлік бұйымдары, қағаз ақша және тиындар, сүйектен жасалған құралдар, Сарайшық жайлы еңбектер және архив құжаттары, қылыш, жебе, найзаның басы, Сарайшық туралы сыр шертетін суреттер (Автор: Отарбай Кендір) келушілердің назарына ұсынылды. Екі күнге созылған көрме барысында мұғалімдер және оқушылар, ардагерлер жалпы алғанда 200-ге жақын адам тамашалады.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97