Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Назарбаев зияткерлік мектебі (көрме)

2019 жылдың 9-сәуір айында жастарда өлке тарихын зерттеуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи – мәдени музей – қорығы мен Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Аталған салтанатты шара барысында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи – мәдени музей – қорығы қызметкерлері мектеп оқушылары назарына «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» атты жылжымалы көрмені ұсынды. Көрмеге Сарайшық қаласындағы тастар, кәріз және су құбырлары, қыш бұйымдары, архивтік құжаттар, сүйектен және тастан жасалған бұйымдар, түйенің бас сүйегі, қылыш, жебе, және білтелі мылтық алып келінді. Бұл көрмеге 7-9 сынып оқушылары және олардың ұстаздары қатысты.

 

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru