2022 жылғы 4 мамырда Атырау облыстық онкология диспансерінде "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жылжымалы көрме өтті. Көрмеге Сарайшық қаласы тарихынан сыр шертетін қыш бұйымдар, құрылыс кірпіштері мен архитектуралық элементтер, су құбырлары және этнографиялық жәдігерлер қойылды. Диспансер дәрігерлері мен емделушілері көрмені қызығушылықпен тамашалады. Киелі жерден естелік болсын деп емделушілерге Сарайшық қышынан дайындалған тұмарлар сыйға тартылды.