2022 жылғы 14 наурызда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Көрісу мерекесін тойлау аясында «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлеріне «Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы» көшпелі көрмесін ұсынды. Көрме барысында қазақ халқының салт-дәстүрін, Сарайшық қаласының тарихын танытатын археологиялық, этнографиялық жәдігерлер, көркемсурет туындылары таныстырылды. Көрмеге 300-ден астам көрермен қатысты.