28 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен "Қазақстанның батыс өңіріндегі Алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХҮ ғғ.)" ғылыми жобасы аясында Сарайшықтан 20 шақырым қашықтықтан жаңадан анықталған Ұлық Ұлыстық мекенде, археологтардың «Ұлық Ұлыс керуен жолдары: Сарайшықтан Еділ бойындағы Сарайларға дейін» тақырыбында далалық семинары өтті. Семинарда көрмеге мекеннен табылған қыш ыдыс түрлері, сәндік әшекей бұйымдар, Өзбек ханның күміс дирхемі, Өзбек және Жәнібек хандарға тиесілі мыс пұлдар қойылды. Нәтижесінде археологтар жаңадан анықталған тарихи ескерткіштің маңызы өте зор екенін атап өтті. Ескерткіштегі болашақ зерттеу жұмыстары жақсы тарихи ақпараттарға бай болады деп есептейді.