Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Сарайшық ауылында Мәдениет үйінде «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» және «Ұлы дала бояулары» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 7-қазанында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейімен бірлесе Сарайшық мәдениет үйінде «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» және «Ұлы дала бояулары» атты көшпелі көрмесі ұйымдастырды. Көрменің ашылу салтанатында музей-қорық директорының орынбасары А.Тұрарұлы және Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі директорының орынбасары А.Каришева шығып сөз сөйледі. Сарайшық музей-қорығы көрмеге «Музейге сый тарту» акциясы аясында музей қорына жинақталған жәдігерлерді жиналғандардың назарына ұсынды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru