30 шілде күні Махамбет ауданында өткен «Тұғыры алтын ауылым!» мәдени-өнер фестивалі аясында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы көпшілік назарына «Сарайшық керуені» атты көшпелі көрмесін ұсынды.
Көрме барысында келушілер ортағасырлық Сарайшық қаласының бай тарихи-мәдени мұрасымен танысып, археологиялық олжалар туралы танымдық материалдарды тамашалады.
Көшпелі көрме тарихи мұраны насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.










