Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Үнсіз куәгерлер: архив пен жәдігерлер тілімен

Бүгін, 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай “Сарайшық” музей-қорығы Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде “Уақыт таспасы: өткеннің ащы шындығы” атты ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел аясында “Үнсіз куәгерлер: архив пен жәдігерлер тілімен” атты дәріс-көрме өткізді. Дәріс-көрме музей-қорықтың ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінен ұтып алып, 2020-2022 жылдары аралығында орындаған «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: «тарих, естелік, тағылым (1932-1950 жж.)» ғылыми-зерттеу жобасы нәтижелері бойынша ұйымдастырылды. Шара аясында жоба жетекшісі т.ғ.д., профессор Ахметова Ұлжан Төлегенқызы “Атырау облысындағы Прорва-Астрахань лагерлері (1932-1950 жж.) тарихын зерттеу” және ғалым хатшы Амангелді Жұмабаев “Тарихтың тілсіз куәгерлері:музей жәдігерлеріндегі қуғын сүргін қасіреті” тақырыбында баяндама жасады. Көрмеде Ресей Федерациясы Мемлекеттік архиві, Ресей Федерациясы Астрахань облысы Ішкі Істер Министрлігі Басқармасы Ақпараттық орталығы, Атырау облысының Полиция департаменті Арнайы мемлекеттік архиві, Атырау облыстық мемлекеттік архивінен табылған тарихи құжаттар, сонымен бірге, Прорва-Астрахань лагерлері орналасқан жеріне «Сарайшық-Прорва-Бұрыншық-Құлсары-Атырау-Сарайшық» зерттеу экспедициясы нәтижесінде табылған жәдігерлерді жұртшылық назарына ұсынылды.

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97