«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде «Сарайшық – Қазақ хандығының бесігі» атты интерактивті көрме-сабақ ұйымдастырылды.
Көрме барысында Қазақ хандығы дәуірінен сыр шертетін бірегей жәдігерлер ұсынылып, сол кезеңдегі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және тұрмыстық өмірдің ерекшеліктері кеңінен таныстырылды.
Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыра түседі.