Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

«Сарайшық керуені» Құлсары төрінде!

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы қарсаңында «ЖылыойМұнайГаз» мекемесінде ерекше мәдени оқиға орын алды. «Сарайшық» музей-қорығының «Сарайшық керуені» атты мобильді көрмесі Құлсары жұртшылығына қонаққа барды.
Көрмеде ортағасырлық астананың тыныс-тіршілігінен сыр шертетін сирек жәдігерлер, ұлтымыздың тұрмыс-салты мен қолөнерінің үздік үлгілері, танымал суретші Отарбай Кендірдің туған жердің табиғаты мен тарихын бейнелейтін «Кең Жылой» цикліндегі картиналары көпшілікке таныстырылды.
Мұнайшылар қаласындағы бұл көрме өткен мен бүгінді жалғап, Наурыз мерекесінің мазмұнын байыта түсті. Тарихты танып, өнерді ұлықтау - ұлттық рухымызды асқақтатады.
Наурыз мейрамы құтты болсын, ағайын!
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97