Бүгін «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Сарайшық керуені» мобильді көрмесі Атырау қаласындағы №28 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылуда.
Көрме барысында оқушылар ортағасырлық Сарайшық қаласынан табылған бірегей археологиялық жәдігерлермен танысып, қазақ өркениетінің асыл мұрасы – этнографиялық бұйымдар топтамасын тамашалауға мүмкіндік алуда.










