Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Кіндік қаным тамған жер, туған өлкем-Сарайшық

Бүгін “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығында Сарайшық қаласының тарихын зерттеуге, ортағасырлық тарихи ескерткіш орнын қорғауға, сақтап қалуға сүбелі үлес қосқан белгілі өлкетанушы, тарихшы Қуанғали Қаштеұлы Жұмалиевтің құрметіне арналған “Кіндік қаным тамған жер, туған өлкем-Сарайшық” атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Шараға Қуанғали ағаның замандастары филология ғылымдарының докторы, профессор, Атырау облысының “Құрметті азаматы” Қадір Өтегенұлы Жүсіп, композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстанның Еңбек Ері Ілия Жақанов, “Атырау облысының Ардақты ардагері” алтын белгісінің иегері, Қуанғали ағаның еңбек жолын таспаға түсіріп, бейнелеген Төлеген Жаңабайұлы және Қуанғали Қаштеұлының отбасы қатысты. Көрменің ашылуында музей-қорық директоры Ә. Мұқтар алғы сөз сөйледі. Көрмені Қуанғали Қаштеұлының қызы Лариса Қуанғалиқызы таныстырды.

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru