2024 жылдың 23 қазанында Астана қаласында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ұлытау» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей қорығымен бірлесе Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жошы Ұлысы Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Құттықтау сөзді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Айдын Боранбайұлы Капашев сөйледі.
Көрмеде ортағасырлық Сарайшықта табылған Алтын Орда кезеңінің жәдігерлері қойылды. Келген қонақтарға көрмені музей-қорықтың директор орынбасары Ж. Диярова таныстырды.
Сонымен қатар, көрмеге Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі, Жезқазған қаласындағы Сәтбаев музейі, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығынан жәдігерлер мен тарихи қолжазбалар қойылды.
Көрме 2024 жылдың 23 қарашасына дейін ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінде болады.