2024 жылдың 4 қазан күні “Сарайшық”мемлекеттік тарихи-мәдени музей- қорығына “Маңғыстау” мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы “Маңғыстау” ашық аспан астындағы мұражай” тақырыбындағы жылжымалы көрмесі келді. Мекеменің экскурсия көпшілік бөлімінің меңгерушісі Яриханова Айман Керімқызымен сәулет және археология бөлімінің маманы Ақсенбай Жадыра Аманқызы 2000 жылдық тарихы бар Ұлы Жібек жолының тармағындағы мекендер мен жерасты мешіттері туралы қызықты ақпаратпен бөлісіп, музей қорыққа кітаптарын сыйға тартты. Сонымен қатар “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы Маңғыстаулық әріптестеріне ризашылығын білдіріп алғыс хатпен марапаттады.