2024 жылдың 24 қыркүйек күні Сарайшық сапар орталығында алғаш рет Түркістан облысы «Ордабасы» ұлттық тарихи- мәдени қорық музейінің «Ордабасы көне заманнан бүгінге дейін» көшпелі көрмесі өтті. Көрменің ашылу салтанатында «Сарайшық» музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Қапизұлы Мұқтар алғы сөз сөйледі. Келесі сөз кезегі Ордабасы қорық музейінің тарихи мәдени мұраларды қорғау бөлімінің басшысы Жұмабек Құсбайұлы Ташбаев пен Сарайшық ауыл ардагерлерінің төрағасы Хадим Сисенғалиевке берілді. Сонымен қатар, Сарайшық мәдениет үйі мен Жұлдыз өнер орталығының Балауса домбырашылар ансамблінің концерттік бағдарламалары ұсынылды. Шараның лента қию рәсімі Сарайшық ауылы ардагері Құрмашев Нығмет пен музей ардагері Акимова Калимаға берілді. Көрмеде Қазақ елі үшін береке бірліктің бастауы болған қасиетті Ордабасы өңірінің тарихы таныстырылып, тарихи ескерткіш орнынан табылған жәдігерлері насихатталды.