31 мамыр 2024 жыл Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы "ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва-Астрахань лагерлері тарихынан" атты онлайн көрмесін өткізді. Көрме музей-қорықтың ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінен ұтып алып, 2020-2022 жылдары аралығында орындаған «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: «тарих, естелік, тағылым (1932-1950 жж.)» ғылыми-зерттеу жобасы нәтижелері бойынша ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу және музей қорына түскен жәдігерлерді насихаттау. Сілтеме: https://www.instagram.com/reel/C7n2XCSC3rU/?igsh=MTlycG05NHI3cHNydA==