Нұр-Сұлтан қаласында болып өткен «Сарайшық – Ұлы Дала мұраты: мемлекеттілік және тарихи сабақтастық» дөңгелек үстел аясында «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге негізінен Жошы Ұлысының рухани астанасы - Сарайшықтың археологиялық қазбасы кезінде табылған жәдігерлер қойылды. Сондай-ақ, көрмеден Ұлық Ұлыс астаналары Сарай-Бату, Сарай-Берке және Ақ-Сарайдан әкелінген мұралар орын алды. Көрме Ұлттық архив ғимаратында 28-29 ақпанда өтті.