«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының жәдігерлер қоры 4600 дана жәдігерден тұрады. Негізгі қорда 2000 дана, қосымша қорда 2600 дана жәдігер тіркелген. Жәдігерлер археологиялық, архив құжаттары, көркем сурет және қолөнер бұйымдары, нумизматика және этнография коллекцияларына бөлінген.
- Археологиялық коллекцияда 4164 жәдігер бар, оның 368-і «Музейге сый» акциясы бойынша қабылданған. Археологиялық коллекция қыштан жасалған бұйымдардан, сүйек және шыны бұйымдардан, қола және темірден жасалған қару –жарақ түрлері мен тұрмыстық бұйымдардан тұрады.
- Архив құжаттарында 18 жәдігер тіркелген. «Музейге сый» акциясы бойынша қабылданған архивтік құжаттар мен карталардан тұрады.
- Көркем сурет және қолөнер бұйымдары коллекциясы 19 дана жәдігерден тұрады. «Музейге-сый» акциясы бойынша қабылданған картиналар мен қолөнер бұйымдарынан құралған.
- Нумизматика коллекциясында 351 дана тиын тіркелген. Бұл жерде ортағасырлық мыс тиындар, ресей патшалығы және кеңес үкіметі кезіндегі тиындар бар.
- Этнографиялық коллекция «Музейге-сый» акциясы бойынша тапсырылған 48 дана жәдігерден, оның ішінде үй-тұрмыс бұйымдары - кебеже, бесік, алаша, сандық және т.б. тұрады.