Қола құлып. ХІV ғ.
Сарайшық қаласының қазба орнынан табылған, жылқы бейнесіндегі ілінетін құлып, шеңберлі ою-өрнекпен безендірілген. Құлып қорабында кішкентай серіппелі механизм орнатылған. Құлып ілмешегі доға болып құлып корпусына бекітілген. Доға бөлігі өткізілетін тесік кілт саңылауы фигураның сұлбасына сәйкес орналасуымен ерекшеленеді. Құлыпты итеріп немесе ұрып жабады, кілтпен бұрап ашады.