“Кітап – құнды жәдігер” акциясы
«Кітап-құнды жәдігер» акция-эстефетасы жалғасуда. Акция-эстафетаны қабылдаған Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары «Атырау облысының мұғалімдері» атты басылымның І, ІІ томдарын музей-қорықтың кітапхана қорына сыйлыққа табыс етті. Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектеп ұжымына музей-қорық атынан акциямызды қолдағандарына зор алғыс білдіреміз.




