Халықаралық далалық семинар жинағы жарыққа шықты

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері: А.Тұрарұлының “Сарайшықтағы 2020 жылғы “Хан моласы” қазбасы” атты баяндамасы, А.Жұмабаевтың “Сарайшық қыш өнерінің алғашқы зерттеушісі – Евгения Ивановна Агеева” атты баяндамалары “Ұлы Жібек жолы мен Қазақстан керуен жолдарының урбанизация үдерісіндегі маңызы” атты халықаралық далалық семинар материалдары жинағына жарияланды. Семинар 20 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музеология кафедрасы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің “Ежелгі Тараз ескерткіштері” қорық-музейінің ұйымдастыруымен Тараз қаласында өтті.




