ХАБАРЛАНДЫРУ!
ҚҰРМЕТТІ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Сіздерді 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне арналған “Сарайшық” музей-қорығында өтетін «Музей түні» мәдени-танымдық іс-шарасына шақырамыз!
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Махамбет ауданы әкімдігі және «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы
🎭 Іс-шара бағдарламасында:
Көне шаһардың тарихи орындарын аралап, ғасырлар қойнауындағы Сарайшықтың сырлы тарихымен танысу;
Сарайшық сапар орталығында хан, ханша, би және батырлармен бірге танымдық экскурсия;
«Ұлы дала жаңғырығы» этношоу-концерті;
«Этно-фэшн» ұлттық киім үлгілерінің көрсетілімі;
Ұлттық ойындардан жарыстар;
«Сарайшық сарыны» суретшілер пленэрі;
Қолөнер бұйымдарының көрмесі;
📍 Өтетін орны:
«Сарайшық» музейі сапар орталығы алаңы
(Махамбет ауданы, Сарайшық ауылы)
🕕 Өтетін күні: 18 мамыр 2026 жыл
Басталу уақыты: 18:00
✨ Келіңіздер, көріңіздер, тарих пен руханиятқа толы ерекше кештің куәсі болыңыздар!




