Хабарландыру
Құрметті ауыл тұрғындары!
Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай «Ер есімі – ел есінде» атты жалпыреспубликалық музейлік акциясы аясында 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасқан және сол жылдары майдангерлермен қатар тылда еңбек еткен ардагерлерге қатысты ақпараттарды(құжаттар, марапаттар, фотосуреттер, жеке заттары және т.б.) жинайды. Ауылымыздан қан майданға аттанған әрбір боздақтың ұрпақтарынан көмек күтеміз. Бүгінгі бейбіт күнді қорғаған әрбір майдангер құрметке лайық! Аталарымызды, тылда еңбек еткен аналарымызды құрметтеп, еске алуды бірлесіп ұйымдастыруға шақырамыз.




