Хабарлама
Құрметті оқырман!
Сіздерді 2023 жылғы 28 қыркүйекте сағат 10:00-де “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының сапар орталығында өтетін Жылыой ауданының 95 жылдығына арналған “Жемнің лебі” аудан суретшілері көрмесін тамашалауға шақырамыз.
Көрмеде суретші – график, “Қол өнер дауысы” өнер фестивалінің Гран При иегері – Уразғалиев Рзабайдың, мүсінші, Қазақ өнерінің қайраткері, ҚР суретшілер және дизайнерлер Одақтарының мүшесі – Мәтениязов Серік Қамидоллаұлының, суретші, ҚР суретшілер және дизайнерлер Одақтарының мүшесі – Мамырова Ләззат Оңғарқызының, аудандық музейде жөндеуші – суретші, аудандық көрменің дипломанты – Қыдыров Қосқұлақ Қайрошұлының, суретші, облыстық фестивальдің жеңімпазы – Дәумегенов Бағытжан Баққараұлының, өнер мектебінің мұғалімі, облыстық фестивальдің Гран При иегері – Елтезерова Нұргүл Қадірқызының, графика дизайнері, жас техниктер станциясында үйірме жетекшісі, облыстық қолөнершілер байқауының лауреаты – Шалабаев Қуаныш Шалабайұлының, 13 орта мектепте сурет пәнінің мұғалімі, республикалық, облыстық конкурстардың жеңімпазы – Мақсотова Нұрила Ғабиденқызының туындылары қойылады.




