Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК 2025 жылғы Жұмыс қорытындысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК 2025 жылғы Жұмыс қорытындысы

1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХV ғғ.)» бағдарламасы (Ғылыми жетекшісі т.ғ.д., қауымдастырылған профессор Ұлжан Ахметова) толық жүзеге асырылып, 2025 жылдың 18 желтоқсанында өткен Ұлттық Ғылыми Кеңестің №17 отырысымен мақұлданды.

2. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға гранттық қаржыландыру бойынша «Астаналық Сарайшық қаласы Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХVІ ғғ.)» ғылыми жобасы (Ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Мұқтар) толық жүзеге асырылып, 2025 жылдың 18 желтоқсанында өткен Ұлттық Ғылыми Кеңестің №17 отырысымен мақұлданды.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХV ғғ.)» бағдарламасы аясында «Алтынордалық Қарағайлы, Ұшқан, Ащысай қалалары: тарихы және археологиясы» 12 баспа табақ монографиясы жарық көрді.

4. Ғылыми бағдарлама, жоба аясында жоғары импакт факторлы SCOPUS базасындағы – «Поволжская археология» басылымында (1 квартиль) 2 мақала, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 3 мақала жарық көрді.

5. 2025 жылы 17-18 қарашада Атырау қаласы мен Сарайшықта ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Атырау облысы әкімдігі қолдауымен «Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» атты халықаралық ғылыми симпозиумы өткізілді. Симпозиумге Қазақстан мен АҚШ, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресейдің жетекші ғалымдары, ЮНЕСКО және ИСЕСКО, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, ТҮРКСОЙ халықтары Академиясы өкілдері қатысты.

6. 2025 жылы 17 қарашада «Сарайшық» музей-қорығы ТҮРКСОЙ музейлер одағының мүшелігіне қабылданды.

7. 2025 жылы 2 республикалық конференция – 11 сәуірде «Сарайшық оқулары-2025», 14 қарашада Махамбет аудандық білім бөлімімен бірлесе қазақтың данқты ханы Қасым ханның туғанына 580 жылдығына арналған «Қазақ хандығы Қасым хан тұсында: тарих пен археологиялық зерттеулер тоғысуы» ұйымдастырылды.

8. «Сарайшық» музей-қорығы ғалымдары Сарайшық, Ащысай, Қарағайлы, Ұшқан ескерткіштерінде қазба жұмыстарын жүргізді, археологиялық жұмыстарға геодезиялық технологиялар қолданылды, табылған ортағасырлық мал сүйектеріне алғаш рет археозоологиялық талдаулар жасалды, ортағасырлық тиындар атрибуцияланып, оларды ғылыми айналымға шығарды.

9. Ғылыми бағдарлама мен жоба аясындағы ғылыми зерттеулерге Атырау облысынан 80 жуық жұмыссыздар, өз саласындағы тиісті мамандар жұмысқа тартылды.

10. 2025 жылы Түрік Республикасының Анкара университетімен жасасқан келісім-шарт нәтижесінде қазба жұмыстарына археолог, PhD Мухаррем Чекен қатысты, 6 тарихшы бакалавр, магистр тәжірибеден өтті.

11. 2025 жылы Азербайжан Республикасының «Ежелгі Шәмкір», «Авей», «Кешикчидаг», «Чираггала-Шарбан» музей-қорықтарымен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа отырды.

12. Сарайшық ғалымдары 2025 жылы шілде-тамыз айларында Жошы Ұлысының Қажы-Тархан – Сарай-Бату – Гүлістан – Белджамен – Үкек – Мохша – Азак – Маджар қалалары орындарына арнайы экспедиция ұйымдастырып, ол жерлердегі музей мамандарымен, археологтармен кездесті. Нәтижесінде қалалар материалдары Сарайшықпен салыстырылды.

13. 2025 жылы 2-12 тамыз аралығында Сарайшық археологтары А. Тұрарұлы, Ж. Байғалиев, А. Жұмабаев Ресей Федерациясындағы Жошы Ұлысының астанасы — Сарай-Бату қаласы орнында археологиялық қазба жұмыстарына қатысып, тәжірибе алмасты. Қазбаның ғылыми жетекшісі белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Е. Пигарев.

14. «Сарайшық» музей-қорығының Этнографиялық музейі жаңа жәдігерлермен толықтырылды.

15. 2025 жылы музей қоры 613 дана археологиялық олжа мен материалдармен толығып, музей қоры 6343 жәдігерге көбейді, оның ішінде негізгі қорда 2623, қосымша қорда 3267, уақытша қорда 453 жәдігер тіркелген.

16. 2025 жылы 2025 жылы 34 көрме ұйымдастырылды, оның 2 халықаралық (РФ Алтынжар ауылында, өзіміздің шетелдік әріптестерімізге онлайн форматта), 2 республикалық (Алматы қаласындағы Мемлекеттік Орталық музейінде, Алматы облысындағы «Шамалған» мәдени орталығында) өткізілді.

17. 2025 жылы музей-қорықты 27 511 турист тамашалады.

18. «Қазқайтажаңарту» мекемесі ортағасырлық қақпаның сыртқы дизайнын өзгертті.

19. «Қазқайтажаңарту» мекемесі «Ортағасырлық балық өндірісі орнын» қайта қалпына келтірді, музей-қорық мамандары оны музейлендірді.

20. «Қазқайтажаңарту» мекемесі «Ортағасырлық тұрғынжайды» қайта қалпына келтірді, музей-қорық мамандары музейлендірді.

21. «Қазқайтажаңарту» мекемесі ортағасырлық нысандар аралығына туристер үшін қолайлы жол соқпақтар салды.

22. «Қазқайтажаңарту» мекемесі «Хан моласы» нысанына арнайы шатыр орнатуда.

23. 2025 жылы «Сарайшық» музей-қорығының ғалымдары Астана, Алматы, Ресей Федерациясының Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында архив, кітапханаларда жұмыс жасады.

24. 2025 жылы музей-қорық жаңалықтары әлеуметтік желілер – Фейсбук, Инстаграм, Тик-ток, Ютуб, Телеграм, ВКонтакте беттерінде жарияланып отырды.

Музей-қорықтың «saraishyq.kz» сайты көпшілік үшін жұмыс жасады.

25. Музей-қорық қызметкерлері 2025 жылы түрлі біліктілікті арттыру семинарлары мен курстарына қатысып, кәсіби деңгейлерін көтерді. Атап айтқанда, О. Сағынбаева, Ә. Шеркешбаева, Г. Бекесова және басқа мамандар музей ісі, экскурсия жүргізу және халықаралық WFTGA әдістемесі бойынша оқудан өтіп, сертификаттар мен алғыс хаттарға ие болды. Сондай-ақ бірқатар қызметкерлер Skills Enbek электрондық еңбек биржасы аясындағы курстарды аяқтап, тиісті сертификаттар алды.